arasha.kz

«Сергек» арқылы сегіз күнде 42 млн теңгеге ереже бұзушыларға айыппұл салынды

Фото : kolesa.kz

Фото : kolesa.kz

Жыл басталғалы, яғни соңғы сегіз күнде Алматыда «Сергек» камерасы арқылы 42 млн теңгеге ереже бұзушыларға айыппұл салынды деп хабарлайды Алматы қаласы полиция депортаменті.

Сегіз күн ішінде, ресми түрде Алматыда қосылған 400 «Сергек» аппаратты-бағдарламалық комплекі 2564 ереже бұзушылық тіркеген, оның жалпы соммасы 42 010 397 теңгені құрайды.

Жекелеген жол қозғалысы қатысушыларының әкімшілік заң бұзушылықтары: Көліктің шекті жылдамдығын оннан жиырма километр сағатқа дейін асыру, жиырмадан қырық, қырықтан жоғары жылдамдықта асыру ҚР Әкімшілік заң бұзушылық бойынша Кодексітің 592 бабы, сонымен бірге жол бойындағы белгілер мен жолақтардағы талаптарды сақтамау  Әкімшілік заң бұзушылық бойынша Кодексітің 601 тіркелген.

Алматы қаласы полиция депортаменті тұрғындарды жол ережесін бұзбауды талап етеді.

 

1 қаңтардан бастап Алматыда жаңа 400 “Сергек” камерасы іске қосылады

Exit mobile version