Астанада «Қазақстандағы қалалық мобильділікті дамыту» форумында микромобильді көлікті реттеуге арналған панельдік сессия өтті. Қатысушылар ережелер, қауіпсіздік және олардың қалалық көлік жүйесіндегі рөлі туралы сөз қозғады.
Sergek Group мопедтер мен мотоциклдерді пайдалану кең таралған Оңтүстік-Шығыс Азия қалаларында пилоттық жобаларды жүзеге асырудың арқасында тану технологиясы бойынша айтарлықтай тәжірибе жинақтаған. Қазір компания бұл технологияларды Қазақстан қалаларына бейімдеп жатыр, деп бөлісті бас директорымыз Евгений Ким.
Евгений жолдардағы қауіпсіздікті арттыру үшін халықаралық тәжірибені пайдалану маңызды екенін атап өтті. Ол Германия, Сингапур және Канададан мысалдар келтіре отырып, ережелерді бұзғаны үшін жазалаумен қатар, жүргізушілерді қауіпсіз жүргізгені үшін ынталандыруды ұсынды.