Біз
әлеуметтік
желіде
09-04-25 |
520 рет қаралған
Серік Жұманғарин: Банк және ойын секторлары үшін салық мөлшерлемесі 25%-ды құрайды.
Серік Жұманғарин: Банк және ойын секторлары үшін салық мөлшерлемесі 25%-ды құрайды

Қазақстанда салаға байланысты корпоративтік табыс салығының (КТС) сараланған мөлшерлемелерін енгізу ұсынылады. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында жаңа Салық кодексінің жобасын бірінші оқылымда талқылау кезінде Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин хабарлады.  

«Біз салық мөлшермелерді саралаймыз. КТС базалық мөлшерлемесі 20% деңгейінде сақталады, бірақ жекелеген секторлар үшін жоғары мөлшерлеме белгіленеді. Бұл банк және ойын бизнесі секторы. Мөлшерлеме 25%-ды құрайды», — деп атап өтті вице-министр.

Ұсынысқа сәйкес, білім беру мен медицинаны қоса алғанда, қаржы лизингі мен әлеуметтік сала үшін 5%-ға және 2026 жылдан бастап 10%-ға,  2027 жылдан бастап 10%-ға кезең-кезеңімен ұлғайта отырып, төмендетілген мөлшерлеме белгіленетін болады.

«Қаржы лизингі және әлеуметтік сала (білім, медицина) үшін мөлшерлемені кезең-кезеңімен 10%-ға дейін көтеру ұсынылады. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін мөлшерлеме 3% деңгейінде қалады», — деп толықтырды Серік Жұманғарин.

Осы нормалар бекітілген жаңа Салық кодексінің жобасы Мәжілісте талқылаланып жатыр. Құжатты қоғамдық және сараптамалық келісудің барлық рәсімдері аяқталғаннан кейін түпкілікті қабылдау жоспарланған.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.