Біз
әлеуметтік
желіде
03-07-25 |
340 рет қаралған
Шахановқа көзі тірісінде ескерткіш қойса да артық етпейді.
Шахановқа көзі тірісінде ескерткіш қойса да артық етпейді

Журналист Асылхан Мамашұлы көрнекті ақын әрі қоғам қайраткері Мұхтар Шахановқа көзі тірісінде ескерткіш немесе бюст орнату туралы ұсыныс айтты. Бұл бастамасын ол әлеуметтік желідегі жазбасында бөлісті. Журналистің айтуынша, биыл 83 жасқа толған ақынның еңбегі мен елге сіңірген қызметі лайықты бағалануы тиіс.

Асылхан Мамашұлы өз жазбасында Мұхтар Шахановтың 1987–1990 жылдары ұлттық мүдде жолындағы белсенді әрекетін ерекше атап өтті. Оның пікірінше, сол кезеңдегі ақынның қайраткерлік қызметі ғылыми зерттеуге сұранып тұрған тақырып. Журналист Шахановтың ұлт алдындағы еңбегін кешенді әрі объективті тұрғыда бағалау қажет екенін де атап өтті.

Сондай-ақ ол биліктің 2022 жылы Мұхтар Шахановқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беруін орынды шешім деп бағалайды. Журналист бүгінгі уақытта ақынға құрмет ретінде көзінің тірісінде ескерткіш қойып, оның көңілін аулап, қоғам тарапынан сый-құрмет көрсету маңызды екенін жеткізді.

Мамашұлының пікірінше, тұлғаның пенделік кемшіліктері болған күннің өзінде оның елге сіңірген қызметі елеусіз қалмауы керек. Ол бұл ойларын Олжас Сүлейменовке де қатысты айтып өтті: «Адамның елге қызметі бүгінгімен ғана бағаланбайды», — дейді ол.

Айта кетсек, кеше ақынның туған күніне орай Астанада шығармашылық кеші өтті.

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.