15-10-24 |
6200 рет қаралған
Шенеуніктер бір жылда түрлі шараларға 26 триллион теңге жұмсайды.
Шенеуніктер бір жылда түрлі шараларға 26 триллион теңге жұмсайды

Қаржы министрлігінің басшысы Мәди Такиев Қазақстанда жыл сайын түрлі іс-шараларға, соның ішінде имидждік шараларға 26 триллион теңгеге жуық қаражат жұмсалатынын айтты.

Үкіметтің брифингінде Тәкиевтен биыл түрлі шаралар бойынша қанша қаражат үнемделгені сұралды.

«Биыл біз имидждік іс-шараларға, іс-сапарларға және жеке шығындарды 360 миллиард теңгеге қысқарттық. Келесі жылы да үнемдеу бағытта дамымайды деп күтілуде», – деді министр.

Такиев 2025 жылға арналған жалпы бюджет 25 триллион 750 миллиард теңгені құрағанын айтты.

Алғашында шенеуніктер Қаржы министрлігінен 31 триллион теңге сұрағанымен, нәтижесінде бюджет 5 триллион теңгеге қысқарды.

Бұған дейін Қаржы министрлігінің басшысы өткен 9 айдың қорытындысы бойынша Қазақстан бюджетіне 8,1 триллион теңге түскенін, бұл жоспарланғаннан 2,6 трлн теңгеге аз екенін хабарлаған болатын.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.