Алматы қалалық Қоғамдық даму басқармасында шенеуніктер үшін тренинг ұйымдастырылмақшы.
Ол жерде қызметкерлерге БАҚ-пен дұрыс сөйлесе білу, әлеуметтік желідегі контентпен жұмыс істеу мәселесі үйретіледі. Оған қоса, жақсы сөйлеу құпиясымен машықтанады, нақты айтқанда «ыңғайсыз» сұраққа қалай жауап беру керектігі және сөйлеген кезде қолды қайда қоятыны туралы үйретіледі.
Алматы даму орталығының қызметкерлері де осындай тренингтерден өтеді. Бірақ ол жерде «клиенттермен» дұрыс сөйлесу жағына көбірек көңіл бөлінеді.
Мәселен, ашулы және түсінбейтін клиентпен сөйлесу мәселесі, әрине, оның ішінде манипуляциядан қорғану жолдары да бар.
Бұл екі тренингтің құны бюджет үшін 1,6 млн теңгеге шығады.
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024