30 қаңтар күні анықтамасы жоқ 447 Қазақстан азаматы ел аумағына ұшып келді. Олар Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 15 халықаралық әуе рейсімен келді.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарлауынша, шетелден келген 2 059 жолаушының 447 –сінде ПТР-тестілеу анықтамасы жоқ.
Анықтамасы жоқ Қазақстан азаматтары келген жері бойынша COVID-19-ға ПТР-тест тапсырды, олар карантиндік стационарларда өз нәтижесін күтуде.
Рейстер төрт қалада болды. Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 325 жолаушы, анықтамамен – 1 049, анықтамасыз – 276. Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 452 жолаушы, анықтамамен – 396; анықтамасыз – 56. Қостанай қаласының әуежайына – 1 рейс, 171 жолаушы, анықтамамен – 110; анықтамасыз – 61. Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 111 жолаушы, анықтамамен – 57; анықтамасыз – 54.
Айта кетсек, 29 қаңтарда анықтамасыз келген 236 азаматтың ПТР-талдау нәтижес бойынша 3 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Олардың ішінде 2 жолаушы Стамбул – Нұр-Сұлтан рейсімен, бір жолаушы Дубай – Алматы рейсімен ұшып келген болатын.