18-01-24 |
5870 рет қаралған
ШҚО әкімдігі 74 млн теңгеге жасатқан роликтерін шұғыл түрде жариялай бастады.
ШҚО әкімдігі 74 млн теңгеге жасатқан роликтерін шұғыл түрде жариялай бастады

Бұған дейін БАҚ-та ШҚО әкімдігі 74 млн теңгеге анимациялық ролик пен подкастарға тапсырыс бергені, бірақ олар ешбір жерде жарияланбағаны айтылған еді.

Осы даулы ақпарат шығысымен Өскемен әкімдігінің инстаграм-аккаунтында екі мультфильмнің шыққаны туралы мәлімет жарияланды. Ал, подкасты Altay News сайтының YouTube-каналына жариялаған. Видеолар әлеуметтік желідегі 10 аккаунтта жариялануы керек болған. Оған қоса, YouTube-каналдың 300 мың жазылушысы болу керектігі айтылған.

Подкастың құны – 2,7 млн теңге, аннимациялық ролик – 900 мың теңге.

Бір қызығы бұл ролитер енді ғана жарияланып жатыр, ал 74 млн теңге өткен жылдың желтоқсан айында төленген.

Фото Мира Круль

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.