20-03-24 |
7830 рет қаралған
ШҚО-да заңсыз жекешелендірілген пәтерлер мемлекетке қайтарылатын болды.
ШҚО-да заңсыз жекешелендірілген пәтерлер мемлекетке қайтарылатын болды

ШҚО прокурорлары мемлекетке 19 млн теңге сомасындағы заңсыз жекешелендірілген 5 пәтерді қайтарғандарын мәлімдеді.

Алтай ауданының прокуратурасы «Алтай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-де тұрғын үй заңнамасының сақталуына тексеру жүргізген.

«Тексеріспен мемлекеттік тұрғын үй қорынан жеке тұрғын үйі бар және мемлекеттік тұрғын үй алу үшін заңда көзделген мерзімдері келмеген тұлғалардың пәтерлерді заңсыз жекешелендіру фактілері анықталды. Осылайша, бағалау құны 19 млн теңгеден асатын пәтерлерді заңсыз жекешелендірген Алтай қаласының 5 тұрғыны анықталды», – делінген хабарламада.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша барлық тұрғын үйлер мемлекет меншігіне қайтарылды, ТКШ бөлімінің басшысы беделін түсіретін негіздер бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Мемлекет меншігіне қайтарылған пәтерлер заңда белгіленген тәртіппен мұқтаж жандарға берілетін болады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.