17-07-24 |
3850 рет қаралған
Шымкентте 6 млрд-қа жуық акция мемлекетке қайтарылды.
Шымкентте 6 млрд-қа жуық акция мемлекетке қайтарылды

Шымкент қаласының прокуратурасымен осы жылдың I-жартыжылдығында экономикалық ресурстарды монополиясыздандыру саласында жалпы құны 5,9 млрд теңгені құрайтын мүлік және акциялар мемлекетке қайтарылды.

Осылайша, сот азамат Б. Ибрагимнің қылмыстық жолмен алған жер учаскесі мен құрылыстарды мемлекетке қайтару туралы қала прокуратурасының талап арызын қанағаттандырды.

Бағалау қорытындысына сәйкес құны 357,7 млн теңгені құрайтын көрсетілген жылжымайтын мүлік Шымкент қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне берілді.

Шымкент қаласының прокуратурасы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару бағытында жұмыстарды жалғастыруда.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.