30-05-19 |
3340 рет қаралған
Шымкентте атаулы әлеуметтік көмек алу үшін көпбалалы отбасылар жаппай ажырасып жатыр.
Шымкентте атаулы әлеуметтік көмек алу үшін көпбалалы отбасылар жаппай ажырасып жатыр

Шымкентте көпбалалы отбасылар атаулы әлеуметтік көмек алу үшін ғана ажырасуға бел буғандар саны күрт өсіп, сотқа арыз берушілер көбейген. Бұл туралы otyrar.kz жазады.

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының судьясы ҚайратІ Ізбасаровтың айтуынша, ажырасу туралы күніне 10-15 арыз түседі екен.

«Олармен сөйлескенде көпшілігінің мақсаты атаулы әлеуметтік көмек алу екені белгілі болды. Біз әке болудан бас тартудың ақыры орны толмас өкінішке апаратынын айтқан соң барып, арыз берушілердің жартысы арыздарын алып кетті», дейді судья.

Атаулы әлеуметтік көмек 1-сәуірден бастап, кедейшілік деңгейін төмен табыс табатын адамдарға беріледі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.