12-07-23 |
1930 рет қаралған
«Әскери құрылыс» басшылығы күдікке ілінді.
«Әскери құрылыс» басшылығы күдікке ілінді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Әскери құрылыс» АҚ бұрынғы президенті Е. Тәжиденовтың және басқалардың басшылығымен ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Бұл туралы Антикордың баспасөз қызметі мәлімдеді.

11 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде туған ағасы мен жиені, сондай-ақ Тәжиденовтың қарамағындағы «Әскери құрылыс» ЖШС мен оның Астана қаласы бойынша филиалының қаржылық және корпоративтік қызметіне жауапты адамдар бар. Олар тауарлар мен қызметтерді сатып алуға, өтеусіз қаржылық көмек көрсетуге үлескер компаниялармен жалған шарттар жасасу арқылы аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінде. Залалдың жалпы сомасы – 596 млн теңге – делінген хабарландыруда.

Оны өтеу мақсатында қылмыстық жолмен алынған мүлікке тыйым салынды.

Қазіргі уақытта айыпталушылар сотқа берілді. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі – делінген хабарландыруда.

Arasha.kz

ФОТО: Азаттық

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.