26-08-22 |
1290 рет қаралған
Смайылов АЭС құрылысына 8 жыл кететінін айтты.
Смайылов АЭС құрылысына 8 жыл кететінін айтты

Елімізде салынатын атом электр станциясы халықаралық бағытта жұмыс істейтін болады. Осы орайда отандық мамандар Жерорта теңізінің маңайында құрылысы жүріп жатқан АЭС-ті зерделеп қайтты. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов Tengrinews ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында айтты.

Үкімет басшысы жуырда ғана қазақстандық делегация «Росатомның» қатысуымен Түркияда салынып жатқан «Аккую» АЭС-тің тәжірибесін көріп келгенін мәлімдеді.

«Бұл халықаралық жобадағы жабдықтар айтулы тасымалдаушы компаниялардан алынған. «Аккую» құрылысының тәжірибесі бізге өте пайдалы. Қазақстанда АЭС жобасы да Халықаралық болады деп жоспарлап отырмыз», – деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ ол ең бірінші кезекте АЭС пайдалану қауіпсіздігі басым мән берілетініне назар аударды.

«Маусым айында біздің делегация Оңтүстік Кореяда болды, шілдеде Францияға барды. Қытайлық жеткізушілермен келіссөздер жалғасып жатыр. Халықаралық тәжірибені тереңдете зерделеу нәтижелері бойынша ядролық технологияларды жеткізушілер тартылатын болады. Қайталап айтамын, бұл халықаралық жоба болады», – деді Премьер-министр.

Бүгінде бұл мәселе әлі зерттеу сатысында тұр. Үкімет басшысы жобаның құрылысына шамамен 8 жыл уақыт кететінін айтты.

«Атом электр энергетикасынсыз біз өз энергетикалық қауіпсіздігімізді қамтамасыз ете алмаймыз. Біз көмір есебінен генерацияны ұлғайта алмауымыз мүмкін, өйткені бүкіл әлем декарбонизацияға қарай жылжып келеді. Біз таза технологияларға көшуіміз керек, ал атом генерациясы – уақыт талабына сай келетін сала. Біз онсыз дами алмаймыз», – деді ол.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.