arasha.kz

Smart Astana қосымшасы арқылы балабақша кезегіне тұруға болады

Smart Astana мобильді қосымшасы көлік, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және тіпті коммуналдық қызмет салаларындағы 70-тен астам қалалық қызметтің басын қосады. Осы арқылы астаналықтар үйлерінен шықпай-ақ балабақшаға кезекке тұруға өтініш бере алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қазіргі уақытта қосымшаны белсенді қолданушылардың саны 30 мыңнан асады.

Білім қолданбасы қызметі бірқатар маңызды қызметті ұсынады, оның ішінде:

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша төтенше жағдайлар қызметі, жол жұмыстары, жоспарланған тоқтаулар және қаладағы басқа да маңызды оқиғалар туралы жедел хабарламаларды алу мүмкіндігін, жедел қызметтермен жылдам байланысты қамтамасыз етеді. Қалалық қызметтермен байланыс функциясы да енгізілді.

Smart Astana қолданбасын App Store және Google Play арқылы тегін жүктеп алуға болады. Ыңғайлы болу үшін сіз әмбебап сілтемені пайдалана аласыз.

Exit mobile version