Еңбек министрлігі азаматтарды жұмыс күші тапшылығы бар өңірлерге қоныстандыруды реттейтін заңнамаға түзетулердің үшінші пакетін әзірледі. Департамент Бас прокуратураның ескертулерін назарға алды.
Онда қоныс аударушылардың қоныстану аумағынан тыс жерлерде еңбек қызметін жүзеге асыру құқығын алып тастау қаралған.
Сонымен қатар қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу және ерікті қоныс аударуды мемлекеттік қолдау шараларын көрсету жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді 2025 жылғы наурыздан бастап автоматтандыру жоспарланып отырғанын хабарлаймыз. Осылайша, көрсетілетін қызметті алушылардың мансаптық орталықтардың қызметкерлерімен байланысы жойылады, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Осы мемлекеттік қызмет түрлерін цифрландыру қоныс аударуға қатысушылар мен еңбек мобильділігі орталықтары арасындағы шарттық міндеттемелердің орындалуына нақты мониторингті қамтамасыз етеді.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап Үкімет айқындаған қоныстандыру өңірлерінің тартымдылығын арттыру мақсатында жаңа орындағы тұрғын үй құнының 50% – на дейінгі мөлшерінде экономикалық мобильділік сертификаттары бойынша ақшалай төлемдер жүзеге асырыла бастады.
Сол жылдың қыркүйегінде Еңбекмині берілген 486 экономикалық мобильділік сертификаттары бойынша кешенді талдау жүргізді, оның барысында қоныстандыру өңірлерінде жоғарлатылған бағамен тұрғын үй сатып алу фактілері анықталды. Тиісті шараларды қабылдау үшін жергілікті атқарушы органдарға және ҚР Қаржы мониторингі агенттігіне хаттар жолданды.
ҚР Бас прокуратурасының деректері бойынша, қадағалау органы жүргізген тексерулер барысында жалған құжаттарды пайдалана отырып, азаматтарды жалған көшіруін ресімдеу жолымен 1 млрд теңгеден астам қаржыны мақсатсыз пайдалану және ұрлау фактілері анықталды.
Прокурорлар сотқа дейінгі 20 тергеуді бастады. Тергеу барлық қатысушы тұлғаларды анықтау, оларды жауапқа тарту, сондай-ақ келтірілген залалды өтеу бойынша шаралар қабылдайды.
Нормативтік актілердегі олқылықтарды жою және ерікті қоныс аударуды қолдау жөніндегі мемлекеттік шаралардың іске асырылу барысын бақылау жүйесін күшейту үшін Бас прокуратура ҚР Үкіметіне қадағалау актісін енгізді.
-
03.10.2024
-
03.10.2024
-
03.10.2024
-
03.10.2024
-
03.10.2024
-
03.10.2024
-
03.10.2024
-
03.10.2024
-
03.10.2024