22-05-24 |
4270 рет қаралған
Спорттық бағыттағы жылқылардың қазақы тұқымы көбейтіледі.
Спорттық бағыттағы жылқылардың қазақы тұқымы көбейтіледі

Мәжіліс жалпы отырыста спорттық бағыттағы жылқылардың қазақы тұқымын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша түзетулерді қабылдады.

Мақсат – қостанайлық жылқы тұқымының тектік қорын сақтау, оның асыл тұқымды қасиеттерін жақсарту және мал басын ұлғайту үшін селекциялық, асылдандыру жұмысын жүргізу.

Осы мақсатта «асыл тұқымды жануар» және «тұқым стандарты» ұғымдарына өзгерістер енгізіледі. Жылқылардың жұмысқа қабілеттілігі, ептілігі, төзімділігі секілді пайдалы қасиеттері тұқым стандартына жат қызылады.

Бұдан басқа түзетулерде асыл тұқымды орталықтардың шетелдік селекцияның спорттық бағыттағы асыл тұқымды айғырларын сатып алуы, асыл тұқымды аналық мал басымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізу, оларды ұстау бойынша шығындарды өтеу көзделген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.