09-07-24 |
6220 рет қаралған
СҚО-да ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған жер телімдері мемлекетке қайтарылды.
СҚО-да ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған жер телімдері мемлекетке қайтарылды

Солтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпкерлік субъектілері Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, жалпы ауданы 10,2 мың га болатын 14 ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімін ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбаған.

Қадағалау органының шараларымен жоғарыда аталған жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды және бүгіндері ауыл шаруашылығы заңды экономикалық айналымға тартылуда.

Тағы бір жағдайда, Қызылжар ауданы прокурорының талабы бойынша қала маңындағы беделді аудандағы 47 гектар заңсыз берілген жер телімі мемлекетке қайтарылды.

Барлық қабылданған қадағалау шараларымен мемлекетке жалпы сомасы 300 млн теңгеден астам активтер қайтарылды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.