09-02-24 |
8430 рет қаралған
СҚО-дан басқа барлық өңірде демографиялық өсім байқалды – статистика.
СҚО-дан басқа барлық өңірде демографиялық өсім байқалды – статистика

Ұлттық статистика бюросы 2023 жылғы қаңтар-желтоқсандағы демографиялық жағдай бойынша мәліметті жариялады.

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша халық саны 20 033 546 адамды құрады, оның ішінде қала тұрғындары – 12 451 004 (өсім 1,9%), ауыл тұрғындары – 7 582 542 адам (өсім 0,3%). 12 ай ішінде халықтың жалпы өсімі 266 739 адамды құрады. Оның ішінде табиғи өсім есебінен 257,3 мың адамға, көші-қон есебінен – 9 344 адамға. Өңірлер бөлінісінде табиғи өсімнің оң мәні СҚО-дан басқа барлық өңірде тіркелді, ал көші-қонның оң сальдосы бес өңірде байқалды – Алматы және Маңғыстау облыстары мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларында.

12 айда Қазақстанда 387,9 мың бала дүниеге келді (2022 ж. – 403,5 мың), оның ішінде 200,3 мыңы – ұлдар, 187,6 мыңы – қыздар. 1000 адамға шаққанда туу коэффициенті 19,50 құрады. Аталған кезеңде 130,6 мың адам қайтыс болды, бұл ретте өлім-жітім коэффициенті 1000 адамға шаққанда 6,56 болды.

Туудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау (1000 тұрғынға 26,78 адам), Түркістан (26,11) облыстарында және Шымкент қаласында (25,68) байқалды. 12 айда 1 жасқа толмаған 3215 нәресте қайтыс болды, 2022 жылмен салыстырғанда нәресте өлімінің коэффициенті төмендеп, 1000 туылғанға 7,69 құрады (2022 жыл – 7,97).      

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.