29-05-24 |
4390 рет қаралған
Су тасқыны: Атырау кәсіпкерлері құлпынай алқабына қайықпен қатынап жүр.
Су тасқыны: Атырау кәсіпкерлері құлпынай алқабына қайықпен қатынап жүр

Атырау қаласының кәсіпкері Дәулет Гарифолла құлпынай өсіреді. Ол су тасқыны қарапайым кәсіпкерлерге де қиындық туғызып тұрғанын айтты.

Оның құлпынай алқабы Жалғансай ауылы маңындағы 0,5 га жерде орналасқан. Алқап маңындағы жайылмалар Жайықтың суына толғандықтан, кәсіпкерлер егістік алқапқа қайықпен қатынап жүр.

– Біз осы көктемде құлпынай егіп едік. Бұл аумақты су басады деп ойлаған жоқпыз.Біздер күніне 2-3 мәрте құлпынай тасимыз.  Атырау қаласына 60-100 кг егін әкеліп, өз сауда нүктелерімізде сатамыз, – дейді кәсіпкер.

Кәсіпкердің айтуынша, құлпынай алқабына бөлінген жердің жалпы ауданы 50 га құрайды. Су тасқынына байланысты биыл тек 0,5 га жерге жеміс еккен.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.