17-04-24 |
1270 рет қаралған
Су тасқыны: Үкімет туризм саласына 85 млрд теңге бөлмек.
Су тасқыны: Үкімет туризм саласына 85 млрд теңге бөлмек

«Ашық бюджеттер» ресурсында жарияланған мәліметтерге сәйкес, Туризм және спорт министрлігі Қазақстан 2024 жылы елден тыс үш халықаралық туристік көрмеге қатысады деп жоспарлап отыр, жалпы сомасы 2,44 млрд теңге.

Кеше мемлекет басшысы СҚО-ға барған сапарында еліміз су тасқынына байланысты қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отырып, сондай-ақ бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында Үкіметке, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға имидждік және басқа да ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берген болатын.

– Мен бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында ірі халықаралық форумды өткізуден бас тарттым. Сонымен қатар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жұмсалатын шығынды қысқартамыз. Әрине, қазір бұл шарадан түпкілікті бас тарту мүмкін емес. Бірақ оған жұмсалатын қаржы көлемі айтарлықтай азаяды. Бұдан бөлек, еліміздің Токиода өтетін Дүниежүзілік көрмеге қатысуына бөлінген бюджет те қысқарады, – деді Президент.

Мәселен,  V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастыру мен өткізуге 6,32 миллиард теңге жұмсалады деп жоспарланған болатын. Көшпенділер ойындары қыркүйек айында Астанада өтеді, оған 100-ден астам елден 4 мыңға жуық адам қатысады. Спорттық жарыстар мен мәдени шараларға 100 мыңнан астам турист келеді деп күтілуде.

Құжатта сондай-ақ «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ты кейіннен Қазақстанның туристік индустриясындағы жобаларды қаржыландыру үшін «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-на несиелендіруге 85 млрд теңге қарастырылғаны көрсетілген.

 Сондай-ақ Астана халықаралық форумын өткізуге жұмсалатын қаржыны үнемдеу көзделуде.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.