08-04-24 |
5480 рет қаралған
Су тасқынынан зардап шеккендер өтемақыны қалай алады?.
Су тасқынынан зардап шеккендер өтемақыны қалай алады?

Су тасқынынан зардап шеккен ауыл-аймақ тұрғындарының өтемақыны қалай алатыны, шығын қалай есептелетіні қазірдің өзінде қызу талқыланып жатыр. Президент өз жолдауында «ешкім назардан тыс қалмайды, бәріне көмек көрсетіледі» дегенмен, шығынды есептеу жергілікті атқарушы билікке жүктелетіні анық. Тіпті республикалық комиссия құрылған күннің өзінде ол жергілікті атқарушы билік есебіне сүйенері сөзсіз. Өтемақыны толық алу үшін дүние-мүлік, мал саны түгелдей тіркелген, есепте тұруы шарт болары тағы бар. Ал көп ауылда, ауданда дүние-мүлікті қаттап, шоттап отырған ағайын санаулы болатыны да айтылып жатыр. Алаңдаулы жұрт қазір осы шығынды есептеуде туар шу әліден қобалжытып отыр.

«Аманат» партиясы бүгін өтемақыны алудың алгоритмін шығарды. Онды былай делінген.

1.Төтенше жағдай жарияланған күннен бастап, күнтізбелік 30 күн ішінде әкімдікке материалдық залалды өтеу туралы еркін түрде өтініш беру;

Мүлік орналасқан мекенжайды көрсету;

Су тасқыны болған күні көрсету;

Зардап шеккен тараптың жеке деректерін жазу.

2. Жеке куәліктің көшірмесі сондай-ақ, төтенше жағдай жарияланған күннен бастап немесе салдарын жою кезінде жоғалған, бүлінген мүліктің тізбесі өтінішке қоса берілсін.

3. Әкімдік өтініш тіркелген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде келтірілген залалдың мөлшерін бағалауды ұйымдастырады.

Партияның алгоритмі осындай. Ең үлкен сұрақ – жергілікті әкімдік келтірілген залалдың мөлшерін бағалауды ұйымдастырады? Мұндағы басты мәселе – жұрттың жергілікті атқарушы билікке сенбейтіндігі. Өзі жоқ сенімді қару суына қауқарсыздық танытқан жергілікті билік түбіне жеткізгені әзір де белгілі жайт болды. Дәл қазір қар суымен күресіп жатқан үкімет шығынды есептеудің оңтайлы тәсілін таппаса, жергілікті жерлерде дау шығып, жағдай ушығуы мүмкін екені қазірден айтылып жатыр. Үкімет комиссия құрып, оны басқаруды тағы да суға салса батпайтын, отқа салса жанбайтын Қанат Бозымбаевқа жүктесе, таңқалуға болмас…

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.