16-04-24 |
910 рет қаралған
Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек беру жалғасып жатыр.
Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек беру жалғасып жатыр

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК су тасқынынан зардап шеккен аймақ тұрғындарына көмек ретінде 4 миллионнан астам қаражат аударды.

ЖАСҰО 19 аймақтық филиалы мен орталық аппарат қызметкерлері (365 адам) табыстарының бір бөлігін су тасқынынан зардап шеккен аймақ тұрғындарына көмек ретінде аударды. «Қазақстан халқына» Қайырымдылық қорына аударылған 4 млн теңгеден астам қаражат, зардап шеккен аудандардың жолдарын жөндеуге, құтқару техникаларымен қамтамасыз етуге, генераторлар, сорғылар, үрлемелі қайықтар, дәрі-дәрмек және азық-түлік сатып алуға жұмсалады.

«Өңірлердегі ЖАСҰО мамандары мүмкіндігінше жан-жақты көмек көрсетуде. Біз зардап шеккен аймақ тұрғындарымен біргеміз және су тасқынының зардаптары тез арада жойылып, адамдар үйлеріне оралады деп сенеміз», – деп хабарлайды «Сапа орталығының» баспасөз қызметі.

ЖАСҰО – әлеуметтік жауапты кәсіпорын және әрқашан қиын жағдайға тап болған отандастарымызды қолдауға кол ұшын әрқашан көрсетпек.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.