Павлодар облыстық сотының бұрынғы төрағасы Мұхтар Смағұловтың ұлы Олжас Смағұлов күтпеген жерден Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл қызметте ол Алматы облыстық сотының бұрынғы төрағасы Еліс Әбдіқадыровтың ұлы Әлішер Әбдіқадыровтың орнына келді, деп жазды Ongar_onlain телеграм арнасы.
Олжас Смағұлов Алматы қаласында дүниеге келген.
Олжас Мұхтарұлы Америкалық құрлықаралық университетін, Помона қаласындағы Калифорния мемлекеттік политехникалық университетін, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін және Лондон экономика және саясаттану ғылымдары мектебін бітірген.
Еңбек жолын 2013 жылы Атырау облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық және ақпараттық-талдау бөлімінің бас маманы қызметінен бастаған.
2021 жылы қарашадан бастап осы уақытқа дейін Президент Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметінде болды.