Бүгінгі Үкімет отырысында сұйытылған мұнай газын шетелге заңсыз шығарудың 14 фактісінің жолы кесілгені айтылды. Олжас Бектенов «көлеңкелі» экспорттың жолын кесу жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды.
Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов еліміздің сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету мәселесіне назар аударды.
Елімізде сұйытылған газды автомобиль отыны ретінде пайдалану көлемі артып келеді. Қазақстанда оның бөлшек саудадағы бағасы Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және алыс шет елдермен салыстырғанда шамамен 2 есе төмен.
«Бағаның төмен болуы ірі көлемде сұйытылған газдың шектес елдерге заңсыз шығарылуына әкеп соқты. Мен бұған дейін тиісті мемлекеттік органдарға сұйытылған газдың «көлеңкелі» экспортын, оның ішінде қылмыстық жауапкершілікті белгілеу арқылы жолын кесу жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырдым.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің деректеріне сәйкес, сұйытылған мұнай газын шетелдерге заңсыз шығарудың 14 фактісінің жолы кесілді.
Бұл жұмысты жалғастыру қажет. Әсіресе, тұтыну көлемі негізсіз құбылып отырған Атырау және Абай облыстары мен бірқатар шекаралас өңірлердегі жағдайды ерекше бақылауға алуды тапсырамын», — деп атап өтті Үкімет басшысы Олжас Бектенов.
-
17.11.2024
-
16.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024