arasha.kz

Талдықорған әкімінің қызметтік көлігі жалған нөмірмен ұсталды

Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзілдің жалған нөмірлері бар қызметтік көлігі уақытша ұстау изоляторына жөнелтілді.

 Press.kz сайтының жазуынша, жалған нөмірмен жүрген көліктің рөлінде әкімнің жүргізушсі болған.

Кейбір БАҚ-та айтылғандай,  оны тұтқындау кезінде жүргізуші әкімнің атын жамылып полицияны қорқытып, қарсылық көрсеткен. Сондықтан олар оған күш қолданып ұстаған.

Жүргізуші бес тәулікке қамауға алынған, ал көлік айыптұрағына жіберілген.

2023 жылдың маусым айынан бері Ернат Бәзіл Талдықорған қаласының әкімі болып қызмет етуде. Ол екі ай бұрын қаладағы жаңа мейрамхананың ашылу салтанатының лентасын қиып, сол арқылы оны жарнамалап, әлеуметтік желі қолданушыларының ашу келтірген.

Фото: Inform.kz

Exit mobile version