09-02-24 |
5450 рет қаралған
Талғарда мектеп есепшісі 90 млн теңгеден астам қаржы жымқырған.
Талғарда мектеп есепшісі 90 млн теңгеден астам қаржы жымқырған

Алматы облысының прокуратурасы Талғар ауданындағы мектептердің бірінде есепшінің жалақыға арналған бюджет қаражатын ұрлау фактісін анықтағандарын хабарлады.

«Бұл құқық бұзушылық мектепте жұмыс істемейтін қызметкерлері мен олардың туыстарына ақша аудару арқылы жасалған. Алдын ала келтірілген шығын 90 млн теңгеден асады және шығынды есептеу жалғасуда», – делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша облыс прокуратурасы Қазақстан Республикасы  Қылмыстық кодекстің 189 бабы 2-бөлігі 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) тергеулігі бойынша Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу басқармасына жолданды.

Осыған ұқсас факт Еңбекшіқазақ ауданында да анықталып, тергеу қорытындысы бойынша мектеп есепшісі тергеу сатысында 10 млн теңгеден астам шығынды өтеген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.