23-01-20 |
1480 рет қаралған
Тасмағамбетовтың қызы Семейде жедел ота бөлімін ашты (видео).
Тасмағамбетовтың қызы Семейде жедел ота бөлімін ашты (видео)

Әсел Тасмағамбетованың «Сәби» қоры Семейде жедел ота бөлімін ашты. Жаңа медицина құралдарымен жабдықталған ота бөлімінің ашылуына Әсел Тасмағамбетов және оның күйеуі Кеңес Рақышев қатысқан. 

Әсел Иманғалиқызының айтуынша, Семейдегі жалғыз балалар ауруханасына күрделі жөндеу 1972 жылы жүргізілген, ал жабдық 1985 жылдан бастап жаңартылмаған. Бірақ жұмысын тоқтатпаған аурухана дәрігерлері былтыр 1400 шұғыл ота жасаған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Әсел Тасмағамбетова: Семейде хирургия құрылысы аяқталды ******************************************** «Медициналық қызметтер деңгейін бағалау критерийлерінің бірі, менің ойымша, шұғыл көмектің тиімді жетік жүйесінің болуы болып табылады. Шұғыл хирургия – осы жүйенің ядросы, яғни, қажет жерлерде заманауи, сапалы хирургиялық көмек көрсету мүмкіндігі пациенттер өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Елімізде, әсіресе өңірлерде, облыстық мәртебесі жоқ қалаларда шұғыл хирургия бөлімшелерін күрделі жөндеудің және заманауи технологиялық жабдықпен жабдықтаудың өткір қажеттілігі бар екендігін атап өту қажет. Ақтау, Орал, Павлодар, Қостанайда бір балалар ауруханасынан ғана жұмыс істейді, олар қалаға ғана емес, сондай-ақ жақын маңдағы елді мекендерге де қызмет көрсетеді.Семейдегі жалғыз балалар ауруханасына күрделі жөндеу 1972 жылы жүргізілген, ал жабдық 1985 жылдан бастап жаңартылмаған. Дегенмен, мекеменің дәрігерлері күн сайын баллардың өмірін құтқаруда, соңғы жылы ғана олармен 1400 шұғыл ота жасалды. Сәби қоры медициналық қызметтердің сапасын арттыру мақсатында 2018 жылы «Шұғыл балалар хирургиясы» жобасына бастамашылық етті. Өткен жылы, мамыр айында Алматы қаласында бізбен тапсырылған жаңа балалар шұғыл хирургиясының артынан Семей қаласында бөлімше ашылып жатыр. Қазіргі уақытта жөндеу-құрылыс жұмыстары аяқталды, хирургия барлық қажетті, ең заманауи әрі технологиялық жабдықпен жарақталды. Мұнда медициналық газдарды тарату және бұру жүйесі, жайлардың зарарсыздандырылған тазалығын қамтамасыз ететін ламинарлы ағын, шағын инвазиялық оталар жасауға арналған лапароскопиялық жабдық, наркоздық-тыныс алу және өкпені жасанды желдету аппараттары, электрокоагуляторлар, дефибрилляторлар, реанимациялық мониторлар, УДЗ, ЭКГ және ЭЭГ аппараттары орнатылды. Педиатриялық бронхофиброскоп, Илизаров аппараты, маңдай бинокулярлық лупалары, эндоскопиялық тігу аппараттары, хирургиялық құралдар жиынтықтары және басқа да реанимациялық, хирургиялық және терапевтік жабдық сатып алынды. Екі объектіге жұмсалған қаражат сомасы 422 000 000 теңге құрады. ЖАЛҒАСЫ⬇️⬇️⬇️

Публикация от Благотворительный Фонд «Саби» (@sabyfoundation)

Семейдегі жедел ота бөлімі хирургияға қажетті заманауи әрі технологиялық жабдықпен жарақталған. Онда медициналық газдарды тарату және бұру жүйесі, жайлардың зарарсыздандырылған тазалығын қамтамасыз ететін ламинарлы ағын, шағын инвазиялық оталар жасауға арналған лапароскопиялық жабдық, наркоздық-тыныс алу және өкпені жасанды желдету аппараттары, электрокоагуляторлар, дефибрилляторлар, реанимациялық мониторлар, УДЗ, ЭКГ және ЭЭГ аппараттары орнатылған. Сондай-ақ, педиатриялық бронхофиброскоп, Илизаров аппараты, маңдай бинокулярлық лупалары, эндоскопиялық тігу аппараттары, хирургиялық құралдар жиынтықтары және басқа да реанимациялық, хирургиялық және терапевтік жабдық сатып алынған.
«Сәби» қоры медициналық қызметтердің сапасын арттыру мақсатында 2018 жылы «Шұғыл балалар хирургиясы» жобасын бастаған. Былтыр Алматыда, биыл Семейде ашылған екі ота бөліміне  422 000 000 теңге жұмсалған.

Әсел Тасмағамбетов белгілі саяси тұлға, ұзақ жылдар лауазымды қызмет атқарып, жақында зейнетке шыққан Иманғали Тасмағамбетовтың қызы. Әсел Иманғалиқызының күйеуі Кеңес Рақышев Қазақстандағы ең бай кәсіпкерлердің қатарына кіреді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.