22-05-24 |
6220 рет қаралған
Тастанды бала туралы хабарламаған медициналық ұйымдар мен балалар үйі әкімшілік жазаға тартылады.
Тастанды бала туралы хабарламаған медициналық ұйымдар мен балалар үйі әкімшілік жазаға тартылады

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекске де өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар балаларды қабылдау фактілері туралы қорғаншылық немесе қамқоршылық органдарына және прокуратураға хабарлауға міндетті.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте жаңа туған нәрестені тастап кету фактісі туралы хабарламаған медициналық ұйымдар мен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың лауазымды тұлғаларына жауапкершілік қарастырылады. Бұл ретте баланың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның мұндай істерді қарау құзыреті айқындалады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.