arasha.kz

Тегін заңдық қызмет қолжетімді

Халыққа білікті заң көмегін қолжетімді ету мақсатында атқарылып жатқан шаралар көп. Олар бүгінде ақпараттық технологияның жетістіктеріне сай жетіле түсуде. Сондай игілікті шараның бірқатары Әділет министрлігінің интернет-ресурсы арқылы жүзеге асуда.

Республикалық құқықтық ақпарат орталығы әділет органдары жүйесінде Қазақстан Республикасының құқықтық нормативтік актілерінің мемлекеттік есебін жүргізуде және оған қолжетімділікті қамтамасыз етуде, халыққа құқықтық кеңес беруде, ведомствоның интернет-ресурстарын және тағы басқа бағыттағы маңызды жұмыстарын атқаруда жоғарғы көрсеткішке жетті. Сонымен қатар, құқықтық ақпараттандыру азаматтардың құқықтық мәдениетін  арттыруға және өздерінің құқықтарын заң жүзінде қорғауына көмектесуде.

Құқықтық ақпараттық қызметі арқылы азаматтарға биыл күн сайын 570-ке жуық кеңес беріліп,  оның жалпы саны 139 206-ге жетіпті. Кеңес алған азаматтардың 94,9 пайызы ұсынылған көмекке қанағаттанған. Бұл  мәліметтер құқықтық көмек көрсетудің тиімділігін және қажеттілігін дәлелдейді.

Бұдан басқа, білікті заң көмегіне халықтың тегін қолжетімділігін  арттыру мақсатында 2017 жылғы шілдеден бастап министрліктің  интернет-ресурсында «Whatsapp» онлайн-мессенджері сервисі іске қосылды. Сонымен қоса «Құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны былтырдан бастап Әділет министрлігі интернет-ресурсының үздіксіз жұмыс істеуін қамтмасыз етіп келеді.

Zero.kz рейтингіне сәйкес ҚР Әділет министрлігінің сайты мемлекеттік органдар арасында жиі пайдаланылатыны мәлім. 2017 жылы интернет-ресурсты 3 млн. пайдаланушы қолданған. Сайтты қараушылар саны биыл шамамен 6 млн. адамға жетіп отыр. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда шамамен 40 пайызға артық.

«Құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бастығы Рамазан Сәрпеков ұйым  жұмысын жандандыру үшін сапа менеджментін жоғарлату  қажеттігін, онда пайдаланушылардың сұранысын анықтау, түсіну және қанағаттандыру шараларына басымдық беру қажеттігін атап көрсетті. Тұтынушыға қазіргі уақытта барлық заманауи талаптарға жауап беретін жаңа сапалы өнімді ұсынудың маңыздылығын атап көрсетті. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының биылғы жолдауында айқындалған бағыттардың бірі – кәсіпорынды цифраландыру қарқын алу керек. Бұл қызметтің жеделдігі, сапасымен қатар қауіпсіздігін  арттырады. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне қарсы тиімді құрал болады.

А.Құрманғали

Exit mobile version