Теміржол билеттері 10 пайызға қымбаттады. Бұл туралы теміржол жолаушылар тасымалы компаниясы хабарлады. Компания жария еткен ақпаратта 9 бағыттан өзге бағыттардағы билет құны 21 қыркүйектен бастап 10 пайызға өсетіні айтылған.
«Қазақстан РеспубликасыныңИндустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің 2019 жылғы 9қыркүйектегі No 28-28-9/2920хаты негізінде 2019 жылғы 21қыркүйектен бастап мына
No 085/086 «Нұр-Сұлтан-Сарыағаш»;
No 021/022 «Қызылорда-Семей»;
No 313/314 «Атырау-Маңғыстау»;
No 339/340 «Павлодар-Пресногорьковская»;
No 373/374 «Алматы-Жезқазған»;No 377/378 «Алматы-Маңғыстау»;
No 603/604 «Нұр-Сұлтан-Арқалық» қатынастарындағы пойыздар және
No 085/086 «Қарағанды-Сарыағаш»;No 021/022 «Алматы-Семей»;
No 22/6941/6942/21 «Алматы-Достық»;
No 339-55/56-154 «Павлодар-Қызылорда» қатынастарындағы тіркеме/тікелей қатынайтын вагондардан басқа,«Жолаушылар тасымалы» АҚ құрастырған әлеуметтік маңызы бар қатынастардағыпойыздар тарифінің 10 %-ға өсетінін хабарлаймыз» делінген компания таратқан хабарламада.
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
17.11.2024
-
16.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024