фото: әлеуметтік желіде тараған сурет
Әлеуметтік желілерде Теңіз кенішінде карантинге жабылған вахталық поселкенің жатақханаларының бірінде мердігер компаниялардың жұмысшылары арасында төбелес орын алып, бір-біріне суық қару қолдандығы хабарланған аудиожазба мен сол бөлмелердің бірінде қан іздері суреті түсірілген фото тарап жатыр. Жарақат алғандар бар.
Аудиожазбада сондай-ақ, жұмысшылардың бірі көлік жүргізушісі екені және ол пышақты өзінің жанжалдасына сұғып алып, кейін өзіне салғаны және төбелес спирттік ішімдіктердің әсерінен болғаны айтылады.
Кейбір дереккөздердің айтуынша, бұл адамдар осы жерде наурыздан бері жатыр екен.
Біздің сауалымызға «Теңізшевройл» ЖШС баспасөз қызметі былай деп жауап берді:
– 4 маусым күні мердігер мекемелердің екі қазақстандық жұмысшысы тұрмыстық жанжалдың кезінде төбелес орын алып, зардап шекті. Екі жұмысшы да ТШО клиникасына жатқызылды. ТШО медицина қызметкерлері зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетті. Қазір олардың жағдайы қалыпты және олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Бұл жағдай жергілікті полиция мен басқа да тиісті мемлекеттік органдарға хабарланды.
Ал Атырау облыстық полиция департаменті бізге берген комментариіне сәйкес, қазір бұл бұзақылық оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Айнұр АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, Атырау, arasha.kz
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024