04-06-19 |
9530 рет қаралған
Тоқаев ереуілге шыққан көпбалалы аналарға қатысты мәлімдеме жасады.
Тоқаев ереуілге шыққан көпбалалы аналарға қатысты мәлімдеме жасады

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кеше Нұр-Сұлтан қаласында ереуілге шыққан көпбалалы аналарға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды arasha.kz тілшісі.
« Менің тапсырмам бойынша Президент Әкімшілігінің басшысы Б.Сағынтаев пен Үкімет мүшелері көпбалалы аналармен кездесті. Көтерілген мәселелер ертең жұмыс тобының аясында қаралады. Проблемаларды заңға сәйкес, іскерлік жағдайда шешу қажет», – деп жазды Президент Twitter-дегі парақшасына.
Еске салсақ, кеше Нұр-Сұлтан қаласында көп балалы аналар наразылыққа шыққан еді. Олар елбесы Н. Назарбаевпен, ел президенті Қ. Тоқаевпен және премьер-министр А. Мәминмен кездесуді талап еткен.

Нұр-Сұлтанда наразылыққа шыққан аналарды полиция қоршап алды

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.