01-06-19 |
4770 рет қаралған
Тоқтар Әубәкіров бастаған топ «Халық құрылтайын» өткізді.
Тоқтар Әубәкіров бастаған топ «Халық құрылтайын» өткізді

Нұр-Сұлтанда ғарышкер Тоқтар Әубәкіров, Рысбек Сәрсенбаев және Балташ Тұрсынбаев бастаған қоғамға белгілі адамдар бастаған белсенділердің құрылтайы өтіп жатыр.

Оқиға орнынан Азаттықтың хабарлауынша, құрылтай өтіп жатқан қонақ үй күзетшілері белсенді азаматтарды «орын жоқ» деп залға жібермей қоймақшы болғанмен көпшілік залға басып кірген. Қонақ үй әкімшілігі залды босатуды талап етіп, жарықты өшіріп тастаған. Белсенділер құрылтайы сонда да жалғасып жатқан көрінеді.

Жиында елдегі қоғамдық-саяси жағдай, сайлауға бойкот жариялау, қытайдағы қазақ мәселесі сөз болған.

Құрылтайға қатысқан Азаттық тілшісі Сәния Тойкеннің мақаласында құрылтай қабылдаған қарарда не айтылғаны жазылады: «»Халық құрылтайының» соңында ортақ қарар қабылданды. Онда сайлау, саяси партиялар жайлы заңнамаға өзгеріс енгізіп, адам құқығын шектейтін тұстарып алып тастау, парламенттік-үкіметтік басқару жүйесіне көшу, Жер кодексіне «жер шетелдіктерге сатылмайды, жалға берілмейді» деген талапты енгізу, Қытайда қудаланған этникалық қазақтардың мәселесін шешу, Қытаймен экономикалық-сауда қатынасын шектеп, инвестициясынан, несиелерінен бас тарту, саяси тұтқындарды босату сияқты талаптар жазылған» делінген мақалада.

Сондай-ақ, тележурналист, азаматтық белсенді Мәди Манатбек фейсбук парақшасында құрылтайдан бірнеше тікелей эфир жасады .

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.