arasha.kz

Төле би көшесін ұзарту бойынша 160 учаске сатып алынады – Алматы әкімі

Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Төле би көщесі қалай ұзартылатынын айтты.

«Қазіргі таңда Төле би көшесін Яссауи көшесінен Әшімов көшесіне дейін ұзарту жұмыстары жалғасып жатыр, бюджетте қаражат көзделген. Бірақ басты мәселе жер телімін сатып алу болды. 160 учаскенің 140-ы сатып алынды, 1-і сатып алынып жатыр, 7-і сот процедурасында, 12-сі қаралып жатыр. Жыл соңына дейін учаскелерді сатып алуды аяқтауды жоспарлап отырмыз. Қазір қалалық мобилділік басқармасының басшысы мен аудан әкіміне аулаларға кіреберісті ретке келтіруді тапсырамын. Жалпы, жоба аясында тротуарлар мен арықтар жабдықталады», – деді әкім.

Exit mobile version