17-06-24 |
5280 рет қаралған
Тоқаев комаға түскен сарбаздың ісін мұқият тергеуді тапсырды.
Тоқаев комаға түскен сарбаздың ісін мұқият тергеуді тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Отар ауылындағы әскери бөлімде мерзімді қызметін өтеп жатқан сарбаздың комаға түсуіне қатысты анасының әлеуметтік желілерде жариялаған үндеуімен танысты. Бұл туралы Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

«Мемлекет басшысы болған оқиғаның мән-жайын мұқият зерттеп, кінәлі адамдарды жазалауды талап етті. Президент Қорғаныс министріне армияда мұндай жағдайға жол бермеу қажет екенін ескертіп, тергеу амалдарын бақылауға алуды тапсырды», – деп жазды ол.

Бұдан бұрын Жамбыл облысы Қордай ауданы Отар ауылындағы №30212 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген 19 жастағы сарбаз Нұржігіт Әбділпаттаның жансақтау бөлімінде жатқаны мәлім болды. Анасының айтуынша, ұлының кіші сержант ұрған болуы мүмкін. Ал әскерилер Нұржігітке «ешкім тиіспегенін айтып», ақталған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.