Қазақстанда АЭС салу мәселесін талқылау мақсатында референдум өткізілгенге дейін Түркістан қаласында жария талқылаулар өткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Түркістан облысының әкімдігі хабарлады.
Жария талқылауға атом саласының салалық сарапшылары қатысады. Жария талқылауларды өткізу барысында азаматтар өздерін қызықтыратын технологиялардың қауіпсіздігі бойынша да, АЭС құрылысының әлеуметтік-экономикалық аспектілері бойынша да кез келген сұрақтарын қоя алады.
Жария талқылау өткізілетін орны: Түркістан қаласы, «Ұлы дала елі» орталығының мәжіліс залы.
Жария талқылауды өткізу күні мен уақыты: 2024 жылғы 19 сәуір күні, сағат 10:00-де.