Біз
әлеуметтік
желіде
23-06-25 |
1740 рет қаралған
Түркістан облысында 16 жастағы қыз босанды. Күйеуі қылмыстық жауаптан қашып оны үйіне әкеп тастаған.
Түркістан облысында 16 жастағы қыз босанды. Күйеуі қылмыстық жауаптан қашып оны үйіне әкеп тастаған

Түркістан облысында 16 жастағы жасөспірім босанды. Қызды осындай күйге жеткізген әскери қызметкер. Қазір ол қылмыстық іс қозғалмасын деп даудан қашып жүр. Бұл туралы журналист Жазира Бегалы мәлімдеді.

«Сенбі күні Түркістан облысында 16 жастағы жасөспірім босанды.15 жасында 9 сынып оқушысының етегін түріп, қылмыстық іс қозғалмасын деген даудан қашып, үйленіп, 6 айдан кейін қызды төркініне әкеп тастаған еркек 23 жаста. Күдікті әскери қызметкер. Біздің қорғаныс саласында заң мен адам құқығын аяқ асты ететін адамдар не істеп жүр? Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу қылмыстық іс!», — дейді журналист.

Жәбірленушіден күдікті «өз еркімен келістім» деген қолхат алып, істі жауып тастауға тырысқан. Бұл ретте тергеушілердің әрекеті де күмән тудырып отыр. Қыздың айтуынша, Астанаға өзі шағымданып, істі қайта тергетуге қол жеткізген. Бірақ содан бері екі ай өтсе де, еш нәтиже жоқ.

Қыздың анасы — отбасының жалғыз асыраушысы. Әкесі бірнеше жыл бұрын қайтыс болған. Осы жайтқа орай журналист Жазира Бегалы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігін істі назарға алуға шақырды:

Қыз бөпелі болғанша тергеушілер қайда қарады? Кәмелетке толмаған жасөспіріммен жыныстық қатынасқа түсу — Қылмыстық кодекс бойынша ауыр қылмыс. Мұндай істердің жабылып қалуы – болашақта осындай оқиғалардың қайталануына жол ашады.

Түркістан облысында 16 жастағы қыз босанды. Күйеуі қылмыстық жауаптан қашып оны үйіне әкеп тастаған
БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.