Біз
әлеуметтік
желіде
19-06-25 |
220 рет қаралған
Турлов, BilimClass және бюджеттен бөлінген миллиардтар: білім беруді цифрландырудан кім пайда көріп отыр?.
Турлов, BilimClass және бюджеттен бөлінген миллиардтар: білім беруді цифрландырудан кім пайда көріп отыр?

2024 жылдан бастап электронды күнделік Күнделік ресми түрде қолданыстан шықты. Оның орнына бүкіл ел бойынша BilimClass.kz (білімкласс) цифрлық платформасы енгізілді. Бұл жүйе ата-аналар мен оқушылар үшін инновациялық шешім ретінде насихатталып жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz. Алайда бұл жобада монополиялық белгілер бар. Мұның артында миллиардер Тимур Турловпен тікелей байланысы бар және миллиардтаған табысына қарамастан аз салық төлейтін табысты бизнес жасырынған.

BilimClass артында кім тұр?

Платформаны Қазақстанда тіркелген «Bilim Land» ЖШС әзірлеген. adata.kz сервисінің деректеріне сәйкес, компания 2021 жылдан бері жалпы сомасы 8,2 млрд теңгеге 11 689 тендерді жеңіп алған. Айта кетерлігі, сатып алулардың 91,2%-ы бәсекелессіз, яғни бір көзден жүзеге асқан.

Құрылтайшылар қатарында:

  • Тимур ТурловTurlov Private Holding Ltd. оффшоры арқылы;
  • Рауан Кенжеханұлы — бұрынғы Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, қазіргі уақытта «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының президенті;
  • Тимур МұхтаровBilim Land басшысы, Білім министрі Саясат Нұрбектен «Құрмет» орденін алған

BilimClass.kz платформасына қаржы қайдан бөлінуде?

Тимур Турловқа тиесілі компанияның сатып алуының басым бөлігі облыстық білім басқармаларынан түседі. Олар төмендегі бағытта қаржы бөледі:

  • Ақпараттық ресурстарға қол жеткізуге — 6,5 млрд теңге
  • Бағдарламалық қамтылымды пайдалануға — 1,1 млрд теңге
  • Цифрлық материалдар әзірлеу мен платформаны сүйемелдеуге

Ең ірі тапсырыс берушілер:

  • Түркістан облысы — 409 млн ₸
  • Алматы қаласы — 305 млн ₸
  • Жетісу облысы — 583 млн ₸
  • Астана қаласы — 250 млн ₸
  • Павлодар және Абай облыстары — әрқайсысы 300 млн ₸ астам

BilimClass ақылы монополия ма?

Жүйе тек платформамен келісімшарт жасасқан мектептерде ғана жұмыс істейді. Бұл дегеніміз – мемлекеттік органдар мектептерге Тимур Турловтың жеке сервисіне ақылы жазылуды іс жүзінде мәжбүрлеп енгізіп отыр. Сонымен қатар, жеткізушіні таңдау кезінде бәсекелестік те, ашықтық та жоқ. Баламалы платформалар (мысалы, ашық кодты шешімдер) мүлде қарастырылмайды.

Турловтың Bilim Land компаниясы 2023 жылы қанша табыс тапты?
2023 жылы Bilim Land:

  • 1,1 млрд теңгеге тендерлер жеңіп алды,
  • бар болғаны 162,6 млн теңге салық төледі.

Ал 2024 жылы мемлекеттік келісімшарттардың көлемі шамамен сол деңгейде қалса да (1,09 млрд ₸), төленген салық 64,8 млн ₸-ге дейін күрт қысқарып, 60% азайған. Келісімшарт сомасы өзгермесе де, салық неге күрт қысқарды. Бұл салық органдарына қойылар сұрақ.

Егер жалақы қорынан (ФОТ) төленетін салықтар мен міндетті төлемдерді де есепке алсақ, 2023 жылғы жалпы салық көлемі — 407,5 млн ₸, ал 2024 жылы — 162,6 млн ₸. Бұл 2023 жылы компания табысы айтарлықтай жоғары болғанын көрсетеді — IT өнімі рентабельділігін және көрсетілетін қызметтердің құрылымын ескерсек, валдық пайдасы 3–4 млрд ₸ болуы мүмкін.

Бұл неге Турловқа қатысты?

Тимур ТурловFreedom Holding Corp. негізін қалаушы, Bilim Land компаниясының тең иесі әрі оны оффшорлық компания арқылы иеленіп отыр.

2024 жылы ол Forbes тізімінде Қазақстандағы ең бай адамдар қатарында 2-орынға көтеріліп, байлығы 5,8 млрд АҚШ долларына жеткен.

Оның инвестициялық портфелінде:

  • Freedom Bank
  • Arbuz.kz
  • Freedom Travel
  • Tatler Kazakhstan
  • Chocofamily
  • Naimi.kz
  • Cerebra
  • Citix және басқа да компаниялар бар.

Оған қоса, білім беру саласындағы мемлекеттік сатып алуларға қатысуы бәсекеден қорғалған, тұрақты түсім әкелетін “цифрландыру” бизнесіне айналды.

Қорытынды орнына

Қазақстандағы цифрлық мектеп — жай ғана IT-инновация емес. Бұл — пайдасы жоғары, орталықтандырылған, квазимонополиялық жоба. Мұнда мемлекеттік миллиардтар оффшорлық құрылым арқылы жеке компанияның қолына өтеді. Ата-аналарға ыңғайлы жүйе, бағалар мен сабақ кестесі уәде етілгенімен, бұл реформаның көлеңкесінде елдегі ең бай адамдардың бірі білім беру саласы есебінен қалай табыс табатыны жайлы бизнес-тарих жазылып жатыр.

Егер мектебіңізден кім пайда көріп отырғанын білгіңіз келсе, ол BilimClass.kz платформасына қосылған ба, соны тексеріңіз.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.