23-04-24 |
5420 рет қаралған
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендер төлемсіз демалыс ала алады.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендер төлемсіз демалыс ала алады

Жұмыс берушілер тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен қызметкерге төлемсіз демалыс беруге міндетті. Бұл туралы Еңбек Кодексінде жазылған.

«Жұмыс беруші қызметкерге тұрмыстық зорлық – зомбылықтан зардап шеккендерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарда болған кезеңде жалақысы сақталмайтын, бірақ күнтізбелік отыз күннен аспайтын демалыс беруге міндетті», – делінген түзетуде.

Жалақысы сақталмайтын демалыс қызметкердің жазбаша хабарламасы негізінде оның ұзақтығы көрсетіле отырып және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шарттың көшірмесі ұсыныла отырып беріледі.

Сондай-ақ, кодекске Ұжымдық шарттың мазмұны мен құрылымына қатысты толықтыру енгізілді.

Атап айтқанда, ұжымдық шартқа үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар ата-аналарға және өзге де заңды өкілдерге, сондай-ақ медициналық қорытындыға сәйкес отбасының науқас мүшесін күтуді жүзеге асыратын қызметкерлерге кепілдіктер мен жеңілдіктер туралы жұмыскерлер мен жұмыс берушінің өзара міндеттемелері енгізілуі мүмкін.

Түзетулер 2024 жылғы 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.