Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Елжан Біртановтың сақалы өсіп, шашы ағарған суреті желіде қызу талқыда.
Әлеуметтік желіде тараған үйқамақта отырған бұрынғы министрдің суретіне әркім әртүрлі пікір айтуда.
«Ауырып жүрген шығар», «Неге шаштараз жібермейді», «Халықтың ақшасын тонағанның соңы осындай болады», «Халықтың қарғысы», – деп жарыса жазғандар көп.
Елжан Біртановтың үйқамақтағы мерзімі мамыр айының соңына дейін созылуы мүмкін. Прокуратура өкілдері сотқа осындай өтініш жасаған.
Еске салсақ, Біртанов 25 маусымда денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. Кейін Елжан Біртановтың қамауға алынғаны белгілі болған еді. Ведомствоның экс-басшысына бірқатар дәрігерлер мен қоғам белсенділері араша түскендіктен ол үйқамаққа ауыстырылған.