08-04-24 |
7810 рет қаралған
Үкіметтің ісі: Ұлттық қор шығыны түсімнен асып кетті.
Үкіметтің ісі: Ұлттық қор шығыны түсімнен асып кетті

Қаржы министрлігі Ұлттық қор қаражатының түсімдері мен пайдаланылуы туралы есеп жариялады. Мәселен,1 сәуірге дейін ұлттық қор қоржынына Т1, 17 трлн теңге түскен.

Бұл сомаға Мұнай секторы кәсіпорындарынан Т626,6 млрд мөлшерінде корпоративтік табыс салығының түсімдері, өнімді бөлу туралы келісімдер бойынша Қазақстанның үлесі (ӨБК) – Т266,8 млрд, пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық – Т111,8 млрд, экспортқа рента салығы – Т119, 6 млрд, үстеме пайдаға салынатын салық – Т2, 3 млрд.

Мұнай секторы ұйымдарының талап-арыздары бойынша айыппұлдар мен төлемдер түріндегі түсімдер Т1, 2 млрд. құрады,сондай – ақ Ұлттық қорға республикалық меншікті жекешелендіруден түсетін түсімдер – Т137, 1 млн., ұлттық компаниялардың активтерін бәсекелестік ортаға беруден түсетін түсімдер – Т47, 4 млн., ауыл шаруашылығы жерлерін сатудан түсетін түсімдер-Т10, 04 млн.

Ұлттық Қордың осы кезеңдегі шығыстары түсімдерден асып түсті. Республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт үшін Т1,03 трлн және нысаналы трансферт үшін Т411 млрд пайдаланылды. 2024 жылға барлығы: кепілдендірілген трансферт – 2 трлн теңге; нысаналы трансферт – 1,6 трлн теңге көзделген. Осылайша, кепілдендірілген трансферттің 50% – ы және нысаналы трансферттің 25% – ы бюджеттен алынған.

Ұлттық қорда 2024 жылғы 1 сәуірге барлығы Т28,8 трлн жинақталған.

2023 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қордың көлемі Т29,1 трлн.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.