Біз
әлеуметтік
желіде
19-06-25 |
310 рет қаралған
Ұлтараздық үшін қамалған Жансұлу Дархамбаева жазасын екі жылдан кейін өтейтін болды.
Ұлтараздық үшін қамалған Жансұлу Дархамбаева жазасын екі жылдан кейін өтейтін болды

Апелляциялық сот Жансұлу Дархамбаеваға баласының дүниеге келуіне байланысты екі жылға кейінге шегеру берді. Сонымен қатар, Жансұлу Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына орай жарияланған амнистияға ілігеді.

Солтүстік Қазақстан облысында жүктіліктің 9 айындағы Жансұлу Дархамбаева Қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша – “ұлтаралық араздық қоздыру” айыбымен екі жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Бұл жайт қоғамда қызу талқыланды.

Жансұлу Дархамбаева TikTok әлеуметтік желісінде жариялаған видеолары арқылы ұлтаралық алауыздықты қоздырды деген күдікке ілінген. Ол өз үндеулерінде Алтай, Орынбор, Астрахан, Курск, Том, Қорған, Саратов және Новосібір облыстары жөнінде «жүз жылдық жал мерзімі аяқталды» деген пікір білдірген. Бұл мәлімдемелер құқық қорғау органдарының назарын аударып, қылмыстық іс қозғауға себеп болған.

Бүгін Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына орай жарияланған амнистияны Парламент мақұлдады.

«Сенат Конституцияның 30 жылдығына арналған амнистия туралы заңды қабылдады. Бұл заң Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленген және қылмыстық саясатты ізгілендіруге бағытталған. Мұндай қадам халықаралық тәжірибеге толық сай келеді: осындай шешімдер мерейтойлық даталар мен маңызды оқиғаларға байланысты көптеген елдерде қабылданған», — деді бейсенбі күні Сенат аппаратының басшысы Максим Споткай.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.