29-01-24 |
7510 рет қаралған
Ұлттық банк Бірыңғай зейнетақы қорынан «Бәйтерек» облигацияларына 173 млрд теңге инвестициялады.
Ұлттық банк Бірыңғай зейнетақы қорынан «Бәйтерек» облигацияларына 173 млрд теңге инвестициялады

Ұлттық банк жылдық кірістілігі 13%, айналыс мерзімі 15 жыл болатын 173 млрд теңгеге «Бәйтерек» облигацияларын сатып алды.

Қазақстан қор биржасында орналастырылған облигациялардың жалпы көлемі 190 млрд теңгені құрады. Осы облигацияларды орналастыруға жалпы сомасы 17 млрд теңгеге БЖЗҚ-дан өзге де инвесторлар қатысты.

Жоғарыда аталған облигацияларды сатып алу – нақты кірістілік алу бойынша ұзақмерзімді мақсаттарға сәйкес келеді және салымшы зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз етеді.

x»Бәйтерек» ҰБХ» АҚ тартылған қаражатты көлік инфрақұрылымы жобаларын қаржыландыруға жұмсайды. Осы жобаларды іске асыру – экономиканы әртараптандыру және өсіру мақсаттарына сәйкес келеді, сонымен бірге, теміржол көлігімен жүк және жолаушы тасымалдау саласындағы транзит пен көліктік әлеуетті кеңейтуге мүмкіндік береді.

Жоғарыда аталған облигациялар эмиссиясының проспектісінде борыштың негізгі сомасын мерзімінен бұрын қайтару көзделгенін атап өткен жөн. Мәселен, эмитент 5 жыл өткеннен кейін жыл сайын облигация ұстаушыларға тиесілі облигациялардың бір бөлігін олардың талабы бойынша бастапқы орналастыру көлемінің 10%-на дейінгі мөлшерде номиналды құнына сай сатып алуға міндетті.

Зейнетақы активтерін басқару нәтижелері туралы мәліметтер ай сайын БЖЗҚ сайтында жарияланады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.