arasha.kz

ҰҚК Қазақстан – Ресей шекарасындағы қиындықтар туралы хабарлады

ҰҚК Шекара қызметі осы жылдың 29 шілде мен 3 тамыз аралығында Қазақстан – Ресей шекарасындағы «Сырым» өткізу пунктінде көлікті өткізу кезінде қиындықтар туындауы мүмкін екенін хабарлады.

Көрсетілген кезеңде шектес аумақтағы «Маштаково» БӨП-інің инспекциялық-тексеру аймағында жол төсемін жөндеу жоспарланған.

Басқа пункттер штаттық режимде жұмыс істейді, ешқандай шектеулер енгізілген жоқ.

«Осы мән-жайларды ескеруді және қозғалыс бағдарын алдын ала түзетуді сұраймыз», – делінген хабарламада.

Exit mobile version