arasha.kz

Ветеринарларға қызметтік автокөліктер табыс етілді

Биыл ветеринария саласының мамандары алғаш рет кәсіби мерекесін атап өтуде. Бұл мерекені бекіту — ветеринария саласының стратегиялық маңыздылығының айқын көрінісі. Бүгін салтанатты жиында СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңірдің  ветеринария қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, марапаттарды табыс етті.

Ветеринарлық қызмет эпизоотиялық әл — ауқатты сақтау үшін күрделі және маңызды жұмыс атқаруда. Өңірдегі ветеринарлар жыл  сайын 7 млн егу жұмыстарын жүргізіп, 1 млн мал мен құстарға тексеру жүргізеді. Тұрақты бақылаудың арқасында азаматтар қауіпсіз ет және сүт өнімдерін тұтынады.

Ветеринария саласының материалдық — техникалық жабдықталуы жақсарып келеді. Биыл 38 қызметтік автокөлік сатып алынды, олардың кілттерін өңір басшысы барлық аудандық ветеринарлық станцияларға табыс етті. Сондай-ақ компьютерлер, модульдік ветеринарлық пункттер мен құрылғылар сатып алынды. Бұл ветеринарлық қауіпсіздік мәселелеріне оң әсерін тигізбек.

Exit mobile version