arasha.kz

WhatsApp аккаунтты қалай қорғауға болады?

WhatsApp – қазіргі кезде кеңінен қолданылатын қосымшалардың бірі. Сондықтан ол алаяқтар үшін де тиімді құралға айналды. Мессенджердегі есептік жазбаны бұзу үшін алаяқтар ұялы телефонға шпиондық бағдарлама орнатуға тырысады. Осы мақсатта пайдаланушыларға қоңырау шалып, тіпті күмәнді сілтемелер жіберуі мүмкін.

Алаяқтар аккаунтыңызды қалай бұзуы мүмкін?

Бір жолғы код арқылы бұзу: алаяқтар авторизациялау коды бар SMS жібереді. Әрі қарай таныс адамнан «өз шотыма кірген кезде кездейсоқ енгізіп алдым» деген желеумен осы кодты қайта жіберу туралы хабарлама келеді. Әдетте, алаяқтар Сізге алдымен өздері бұзып кірген танысыңыздың аккаунты арқылы жазады.

Кездесуге шақыру: WhatsApp арқылы алаяқ сіздің танысыңыздың атынан кездесуге шақыру туралы хабарлама жібереді. Әрі қарай ол кафе немесе мейрамхана броньдау кезінде қателесіп, сіздің телефон нөміріңізді  көрсетіп қойғанын айтып, арнайы кодты жіберуді сұрайды. Егер Сіз кодты жіберетін болсаңыз, автоматты түрде оған аккаунтыңызға кіруге рұқсат бересіз.

Қарызға ақша алу: алаяқтар пайдаланушының WhatsApp-ын бұзады және оның атынан достарына, әріптестеріне немесе туыстарына қарыз беруді өтініп, хабарламалар жібереді. Нәтижесінде көптеген адамдар бұған сеніп, алданып қалады.

Хат алмасу кезінде алаяқтарды қалай тануға болады?

– психологиялық қысым жасап, асықтырады;

– қорқытады немесе сөзіне сенуді өтінеді;

– ақшаны қайта жіберуді, құпия сөзді, PIN-кодты немесе басқа жеке деректерді айтуды сұрайды;

– сілтемені басуды немесе сілтеме арқылы жаңа функцияларды іске қосуды сұрайды;

– кредиттік карта немесе банктік шот нөмірі, туған күні, құпиясөздер сияқты жеке мәліметтеріңізді беруді сұрайды;

 – хабарламаны қайта жіберуді сұрайды;

WhatsApp аккаунтыңызды қалай қорғауға болады:

Exit mobile version