28-03-18 |
7150 рет қаралған
Қызылорда қауіпті аймақ па?.
Қызылорда қауіпті аймақ па?

Кеше Қызылордада жергілікті уақытпен сағат 14.50 шамасында  Әйтеке би көшесінде жастар арасында төбелес орын алды. Нәтижесінде 1 адам дене жарақатымен облыстық медициналық орталыққа жеткізілді, деп хабарлайды Қызылорда облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ОІІД бастығының орынбасары Нұрлан Анарбаев мәлімдепті.

         Сонымен қатар, брифингке облыстық медициналық орталығы директорының міндетін атқарушы Қанат Жундабеков, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Құралай Ерташова және облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Еркебұлан Меңлібаев қатысты.

         «ҚІІБ кезекші бөліміне Әйтеке би және Желтоқсан көшелерінің қиылысында  бұзақылық  орын алғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жетіп, 7-8 адамнан құралған топтың бұзақы әрекеті анықталды. Нәтижесінде қаланың 1 тұрғыны дене жарақатымен облыстық медициналық орталыққа (ОМО) жеткізілді.  Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 259 бабы, 3 бөлігі, «бұзақылық» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда, күдіктілер, бұзақылық әрекеттің мүшелері ҚІІБ жеткізілді, тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты мәліметтер жария етілмейді», – деді ОІІД бастығының орынбасары Н.Анарбаев.

         ОМО директорының міндетін атқарушы Қанат Жундабековтің айтуынша, зардап шеккен азамат облыстық медициналық орталығының жан сақтау бөліміне жатқызылды. Қазіргі кезде оған ота жасалуда.

         «Науқас облыстық медицина орталығына ауыр жағдайда жеткізілді. Дереу қабылдау бөлімінен жан сақтау бөліміне жатқызылды. Сол мезетте «іш қуысына терең оқ тиген, ішкі ағзалары зақымдалған» деген диагноз қойылды. Науқасқа шұғыл ота жасалды.Алайда көрсетілген көмекке қарамастан жарақаттанған азамат 27 наурыздың кешінде қайтыс болды», – деді ОМО директорының міндетін атқарушы Қанат Жундабеков.

         Айта кету керек, аймақ жастары арасында қылмысты және басқа да әрекеттерді болдырмау мақсатында білім, жастар саясаты мәселелері басқармалары жергілікті полиция қызметімен бірлесіп түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Мәселен,  әр сенбіде жастар көп шоғырланатын орындарда «Стоп – қылмыс»  атты рейдтер ұйымдастырылады.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.