Алматыдағы Панфилов көшесінің бойындағы атақты рок әнші, композитор Виктор Цойдың ескерткішіне бүгін таңертер «Өзгеріс. Қазақ көктемі» делінген жазуы бар плакат ілінді. Бұл туралы инстаграмдағы rukh2k19 парақшасында жарияланды. Жарияланымда: «Тәуелсіздіктің отыз жылында біз көп нәрсені көрдік. Біз халықты қалай қырғанын, оппозиционерлерді қалай атқанын, ешнәрсе бүлдірмесеңде қалай соттайтынына куә болдық. Біз бүтіп аудандарды қалай сүріп тастағанды, чемпионды қалай өлтіргенінде көрдік. Біз бәрін көрдік. Бірақ өзгерісті көрген жоқпыз. Өзгерісті отыз жыл күттік. Енді оны өзіміз жасауға тиіспіз» деп жазылған. Жазба «мен ояндым», «әділ сайлау үшін», «менің таңдауым бар» хэштегтерімен жарияланған.