arasha.kz

Жаңа жылда арақ ішу азайған

фото: орталық жедел жәрдем ауруханасының парақшасынан алынды

 

Алматыда дәрігерлері биыл жаңа жыл күні арақтан уланып және приотехникадан зардап шегіп ауруханаға түскен адам болмағанын хабарлады.

Алматыдағы жедел жәрдем ауруханасының хабарлауынша, жаңа жыл күні күнделікті қалыпты жағдайда өткен. Биылғы жаңа жыл түні соңғы бірнеше жылдан бері ең тыныш өткен жаңа жыл мерекесі болған.

Мұның алдында наркология орталығы арақкештердің саны 8% азайғанын айтқан.

Мұны дәрігерлер жұрттың жаңа жылды дуылдатып тойлауды қойғанымен және жаңа жыл алдындағы ұшақ апатының қайғысымен байланыстырады.

Exit mobile version