19-03-24 |
2550 рет қаралған
Жаңа Салық кодексіне қойылатын талап өте қатаң — Олжас Бектенов.
Жаңа Салық кодексіне қойылатын талап өте қатаң — Олжас Бектенов

Үкімет басшысы Жаңға Салық кодексіне қойлатын талаптар жайлы айтты.

«Үкімет алдында салықтық және кедендік әкімшілендірудің тиімділігін арттыру бағытында маңызды міндет тұр. Осы мақсатқа жетудің ең оңтайлы жолы – барлық процесті барынша цифрландыру. Жаңа Салық кодексі әзірленіп жатыр. Оған қойылатын талап өте қатаң. Бұған дейін ұсынылған тәсілдерге қатысты орынды сын айтылған болатын. Бизнес пен қоғам бұл құжаттан оң өзгерістер күтуде. Ең бастысы, ол ашық, бәріне түсінікті және үйлесімді болуы керек. Алайда Кодексті әзірлеу созылып барады.

– Бұл жұмысты жедел аяқтауды тапсырамын.

Жаңа кодексте азаматтардың мемлекеттік кірістер органдарының жұмысы мен әрекетсіздігіне, қосылған құн салығын қайтаруды кешіктіруге, мәмілелерді жарамсыз деп тануға және т. б. мәселелерге қатысты арыз-шағымдарын ескеру керек. Әкімшілендірудің сервистік моделіне назар аудару қажет».

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.